7.08.2018, 9:51
Қараулар: 338
Ағымдағы ақпарат

Ағымдағы ақпарат

Өткен сәрсенбіде облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев ауданымызда жұмыс сапарымен болып, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы нысандарын аралап, салынып жатқан құрылыстардың жай-күйімен танысты.

Алдымен, Бағдат Оразалдыұлы Сайқын ауылы тұрғындарының жеке құрылыс салуына бөлінген 34 жер учаскесін көріп, кейін екі пәтерлік 16 тұрғын үйге инженерлік желілер тарту жұмыстарымен танысты. 63 млн. 314 мың теңге қаржыға атқарылып жатқан істің қарқынын байқап, істің сапасына баса назар аударуды тапсырды. Кезекте тұрған азаматтарға жалға берілетін коммуналдық үйлер құрылысын жүргізу жалғасын тауып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл аудан орталығында жалпы құны 108 млн. 501 мың теңге тұратын  екі пәтерлік 5 тұрғын үйдің пайдалануға  берілгендігін мәлімдеген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов екі пәтерлік 16 тұрғын үйдің құрылыстарына конкурс жарияландыған сөз етті. Оның сыртында тағы да  екі пәтерлік 26 тұрғын үйлердің ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өтіп тұрғандығын да жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары ауылдың батыс бетіндегі су құбыры маңынан бастап, Р.Егізбаев көшесі бойындағы асфальтты орташа жөндеуді қолға алған жұмысшылардың жұмысымен де танысты. КПО б.в. компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан бұл жұмыстар нәтижесінде ауыл ішіндегі 5,6 шақырым асфальт жолдар орташа жөндеуден өтіп, яғни, ой-шұңқырлары толтырылып, бетіне қайыра асфальт төселмек. Б.Аязбаев 309 млн. 852 мың теңгеге тұрғызылып жатқан 70 орындық жаңа типтік интернат құрылысын аралап, жақындап қалған жаңа оқу жылында нысанды іске қосу үшін жұмысты жеделдету қажеттігін баса айтты.

Осы сапарында Б.Азбаев Сайқын ауылдық округіне қарасты Жәрмеңке, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен елді мекендеріне тартылып жатқан су құбырларын да көзбен көрді. Айта кетелік, ауданымыздағы 22 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған сумен қамтылса, қазіргі таңда Жәрмеңке, Қарасу, Әжен және Кеңой ауылдарына ауызсу жеткізу,  газдандыру жұмыстары да жоспарлы жүріп жатыр. Күні бүгін 9 елді мекеніміз көгілдір отынның игілігін көріп отырса, биыл 12-сіне ауылішілік газ құбырларын тарту үшін 195 млн. 913 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ, Бөрлі, Ұялы ауылдарында да болған Бағдат Оразалдыұлы бұл өңірлерге газ құбырының тартылу барысымен қанықты.

Раушан БАҚЫТОВА.