Сәрсенбіде сайқындық жұртшылық «Қару аманаты» саябағында республикалық «Экосағат» акциясы бойынша тал егу жұмыстарын жүзеге асырды. Нақтырақ айтсақ, 500 терек отырғызу жоспарланды.
– Жалпы терек отырғызу жұмысына 256 адам жұмылдырылды. Акцияға мекеме басшыларынан бастап, ызметкерлеріне дейін қатысты. «Қару аманаты» саябағына қоса аудандық қорғаныс істер бөлімі ғимараты жанындағы саябағына 60-қа жуық терек отырғызылмақ, -дейді Сайқын ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы Бисен Қадыров.