31.10.2019, 16:17
Қараулар: 559
«БЕРЕКЕДЕ» ­ — ЖӘРМЕҢКЕ

«БЕРЕКЕДЕ» ­ — ЖӘРМЕҢКЕ

 

Аудан орталығындағы «Береке» базарында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.

Сенбілік жәрмеңкеге Сайқын, Мұратсай, Орда, Ұялы, Т.Масин, Бисен ауылдық округтерінің кәсіп иелеріне қоса қазталовтық шаруалар да қатысып, 300 кг балық әкелді. Сондай-ақ, көкөніс, жеміс-жидектер де саттыққа қойылды.

Көршілес аудан кәсіпкерлері бөкейліктерге балық бағасын 800 теңгеге келісін ұсынса, жергілікті шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер сиыр етін 1300 теңге (кг), жылқы етін 1400 теңге (кг) қазыны 3000 теңге бағасымен сатылымға қойды. Ал сүт өнімдерінен қаймақтың бір литріне 2000 теңге сұраса, сүзбенің келісін 800 теңгеге бағалады.

Өз тілшіміз