31.10.2019, 16:37
Қараулар: 769
ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ…

ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ…

Электрмен байланысты апаттар жиі және  өте ауыр зардаптарға әкеледі, сондықтан оқиғадан кейін алынған білім пайдасыз. Қауіп-қатерлерді болдырмау үшін балаларға электр тоғынан туындайтын апаттар мен оның алдын-алуды үйрету керек.

— Балаларға электр аспаптарын дұрыс пайдалануды үйретіңіздер. Оларға  сымнан тартпай  ашаны ұстап, ашаны розеткадан ажыратуды үйретіңіз, сым штепсельдің шетінен шығып, қысқа тұйықталуға себеп болуы мүмкін. Ашық жатқан немесе үзілген сымдардан келетін  өлім қаупі туралы айтыңыз. Оларға қол тигізуге болмайды!

Балаңызды  анықталған ақаулар, кемшіліктер, электр құрылғылары мен штепсельдердің ұшқындары және т.б. туралы дереу ата-аналарына хабарлауға үйретіңіз. Ұзартқыш сымдар — ойыншық емес екенін түсіндіріңіз. Балаларға электрқұралдарын жуынатын бөлмеде немесе душта пайдалану неге қауіпті екенін және неге дымқыл қолмен ұстамау керек екенін айтып беріңіз.

— Қосалқы станциялар – бұл электр тоғының қауіптілігі туралы ескертпелер мен белгілері көрсетілетін жақындауға тыйым салынған құрылыс немесе аумақтар. Балаларға ешқашан қосалқы станцияға ашық есіктер арқылы кіруге болмайтынын  және оларға қосалқы станцияның есіктері ашық екендігін дереу хабардар етуге, ата-аналарына немесе төтенше жағдай қызметіне қоңырау шалуы тиіс екенін айтыңыз. Сондай-ақ, олар электрлік тақталарға, сөрелерге және сары қауіпті ескерту белгілерімен белгіленген кез келген басқа заттарға жақындамауы керек.

— Электр құрылғы желілерінің астында ойнап, олар өздеріне үлкен қауіп төндіретінін  балаларға айтыңыз. Мысалы, ойын кезінде доп кездейсоқ электр желісіне еніп, қысқа тұйықталуға себеп болуы мүмкін. Жақын орналасқан электр желісінің тіректерінің астында қатты дауылмен құлаған немесе үзілген сымдар болуы өте  қауіпті. Егер апат орын алған жағдайда, балалардың ішінде электр тоғына ұшыраған бала болса, ересектерден көмек сұрауға немесе жедел жәрдемнің 103 нөміріне хабарласуы керек.

— жер бетіндегі қираған және құлап қалған электр желісіне қол тигізбесе де электр тогының соғуы мүмкін. Балалардың үзілген сымдарға мүлде жақындамау керектігіне көзін жеткізіңіз.

Ата-аналар, есте сақтаңыз, барлық жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтау, біздің балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау кепілі боп табылады.

Серікболат ЕРШОВ,

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

БҚО аумақтық департаменті басшысы,

Самат ОҢАЕВ,

Бөкей ордасы АЭТ басшысы