Жаһанды жайлаған кесірлі кесел Қазақстан аумағында алғашқы 2020 жылдың 13 наурыз күні тіркелсе, ауданымызда 28 мамыр күні осы кеселге шалдыққан науқас тіркелді. 86 ауылдасымыз осы індет жұқтырып, есепке алынды. Оның 20-сы симптомсыз түріне бой алдырды.
Аурудың ошақтары әсіресе Сайқын, Бисен, Саралжын, Мұратсай ауылдарында көптеп анықталды. Провизорлық стационарда 1 ай 20 күнде 74 науқас емделіп шықты. Оның 18 аурудың ауыр түрімен, 53 орташа ауырлықта, 3 жеңіл түрімен өтті. Өкінішке орай 3 науқас қайтыс болды. Орал, Акжайық жұкпалы ауруханасында 15 науқас емделіп, 4 науқас қайтыс болды.
Айта кететін жәйт бұл ауру көптеген амбулаторлық науқастарда жеңіл түрде өтсе, кейбір науқастар медициналық көмекке кеш жүгініп, өздіктерінен емделіп асқынған күйінде ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Ағымдағы жылдың 7 айында 323 пневмония тіркелсе соның 180-і соңғы екі айда тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 7 айда 229 болған еді. Ал ЖРВИ және тыныс алу жолдарының аурулары 2020 жылы 7 айда 802 тіркелді.
Ауданымыз бойынша осы індетпен күресу жолында алғы шепте жұмыс жасаған Мөлдір Абатова, Балжан Мұратова сынды дәрігерлеріміздің, Балғаным Зұлқашева, Зәмзагүл Нұралиева, Бердібек Қыдыров, Оралхан Хамзин, Жайыл Максимов, Эльдар Үлпақов, Қалдыбек Хожантаев, Айман Башпақова, Баянсулу Ерболатқызы, Алтынбек Молдағалиев сияқты мейіргерлеріміздің, Толқын Еркеғалиева, Гүлмира Хамитова, Жанна Сағынтаева, Бекзада Дюсекешова, Жұмағаным Сапуанова сияқты кіші буын қызметкерлерінің және ауылдық округтарындағы медициналық қызметкерлеріне халық ризашылығын білдірді.
Коронавирус індетімен күресіп жатқан денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне тек мемлекет емес, қоғам белсенділері де көптеп қолдау көрсетті. Бізге гуманитарлық көмек көрсеткен ШЖҚ «Көпбейінді қалалық ауруханасы», БҚО денсаулық басқармасы, Қытай, Ресей, Өзбекстан елдері, «Dar-Din» ЖШС, БҚО АНК «Дос», «Шұғыла», «DAULETTEN» қайрымдылық қорлары, демеушілік көмек көрсеткен аудандық мешіт, «Жас Отан» волонтерлары, Орал қаласы Асан мешітінің имамы, мұратсайлық жерлесіміз М.Жахатов, «Пахман» ШҚ жетекшісі Е.Меңдешов, «Курорт» ШҚ жетекшісі Н.Саматов «Жумагулова» ЖК жетекшісі Б.Жұмағұлова, «Перекресток» ЖК жетекшісі А.Саменова, «Shapi» ЖК жетекшісі А.Даулетова және «КАЗАВТОТРЕЙВЛ» директоры А.Хайрлиева, волонтерлер А.Саматова мен Ж.Қыдырғалиеваларға игі істері үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.
Коронавирустың таралуын үдеткен факторлар таразысының бір басында дүрбелең тұрса, екінші басында бейғамдық пен салғырттық тұрды. Дертке шалдыққандардың өз ауруын жасырып қана қоймай, айналасындағылармен байланысты үзбеуі, ел тұрғындарының мемлекет қабылдаған шектеу шаралары мен ескертулеріне құлақ аспауы, халықтың қарапайым гигиена талаптарын орындамауы үлкен қатерге әкеп соқтырды.
Қазіргі кезде тұрақталды, бәрі бітті деп арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларын қатаң ұстануды халыққа насихаттаймыз. Бетперде тағу, қол жуу, антисептик пайдалану, арақашықтықты сақтау, адам көп жиналған жерге бармау сияқты сақтық шараларын ұмытпайық ағайын.
Ауруды болдырмау және таратуды тоқтату үшін дәрігерлік көмек қажеттенген тұрғындар ауылдық және аудандық емханаларға учаскелік медбике дәрігерлермен аудандық емхана тіркеу бөліміне 21-9-37 21-3-37 немесе 8 777 172 87 70 телефон нөмірі бойынша алдын ала хабарласып тіркеліп, қабылдау уақытымен келісіп келулері сұралады.
Лаура ШАМҰРАТОВА,
аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары