Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев ауылшаруашылығы саласының бірқатар ардагері мен үздіктерін ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мейраммен құттықтады. Аталмыш алқалы жиында біздің ауданның екі азаматы Руслан Сисенғалиев пен Қамбат Елеусіновтің еңбектері еленіп, мерейлері үстем болды.
Ауданымызда асыл тұқымды малды өсіруді қолға алған «Сисенғалиев. Р» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сисенғалиевке өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің «Құрмет» грамотасын табыстады. «Жоламан» шаруа қожалығының бақташысы Қамбат Елеусінов ұзақ жылғы нәтижелі еңбегі үшін «Үздік бақташы» атанып, облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ