14.12.2020, 11:40
Қараулар: 397
ШЫҢҒЫС ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

ШЫҢҒЫС ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

Теректі ауданы «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен өткізілген діни әдебиеттер оқу апталығында сайқындық Шыңғыс Әділбекұлы 37 қатысушының ішінен бірінші орынды иеленді.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған облыстық сайысқа  Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінен де қатысуға ниет білдіргендер аз болмады. Санитарлық талаптарды ескерген теректіліктер аталмыш шараны ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта өткізіп, оған облыстық наиб имам Бақытжан Сабыралиев пен облыстық Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Бейімбет Дүйсенәлі төрелік етті. Айта кетелік, діни білімдерін сарапқа салған қатысушыларға «Пайғамбар ақидасы» және «Намаз оқымайтын адам кәпір дейтіндерге жауап» атты кітаптардан сауалдар қойылды. Жерлесіміз Шыңғыс Әділбекұлы түрлі деңгейдегі сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өзгелерден оқ бойы озық шықты.

Арайлым ЕСМАҒҰЛ