15.01.2021, 17:06
Қараулар: 175
АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІМ

АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІМ

 

Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатыстым. Өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысуды байтақ елдің ертеңіне қосқан үлесім деп білемін. Шыны керек, сайлауға бармас бұрын біраз толқыдым. Бала кезімде «Қалай дауыс бересіңдер, айқайлайсыңдар ма?» деп ата-анамнан қызықтап сұрайтынмын. Енді мен де ел азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Таңдаған партияма даусымды бердім. Бұл саяси шараға қатысу, таңдауымды таныту менің үлкен өмірімдегі тағы бір саты деп ойлаймын. Болашақты  таңдау әрбір саналы азамат парызы деп білемін.

Асылым ШЫНБОЛАТҚЫЗЫ