15.01.2021, 17:35
Қараулар: 214
БАЙҚАУҒА ҚАТЫС!

БАЙҚАУҒА ҚАТЫС!

 

Құрметті жерлестер! Баршаңызға белгілі биылғы жылы ауданымыз үшін тарихи даталарға толы. Солардың бірегей тұңғыштардың мекені саналған Нарын топырағында бой көтерген  Бөкей ордасы ауданының 220 жылдығы және елімізде алғаш хан Жәңгір негізін қалап, есігін айқара ашқан білім ордасының 180 жылдық мерейтойлары кең көлем аталып өтілмекші. Әр мерейтойда жұртшылықтың есінде қалдыру үшін іс-шаралар мен бұқаралық ақпарат құралдарында шараның мерекелік кескіні (символикалық логотип) қолданылады.  Осыған орай, аудан әкімдігі мерейтойлық шаралардың кескіндемесіне байқау жариялайды. Қойылатын талаптар:

  • Ауданның тарихы мен мәдениетіне сай келуі;
  • Туған жердің әсем табиғатымен үндесуі;
  • Ұлттық құндылықтарға негізделуі тиіс.

Байқауға қатысты жұмыстар 2021 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады. Мекенжайы: Сайқын ауылы Т.Масин көшесі 1 үй немесе ovp.bokeiorda@mail.ru. Байланыс телефондары: 87114021450, 87775664310

Кескіндемеге, суретке деген икеміңіз бар болса қапы қалмаңыз, қызығушылық танытыңыз. Жеңімпазға арнайы сыйлық қарастырылған. Бағыңызды сынап, туған жерге өз қолтаңбаңызды қалдырыңыз!

(Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі. Үздік шыққан логотип мерейтойға орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады)

Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімі