15.01.2021, 17:44
Қараулар: 183
БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ҚАТЫСТЫ

БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ҚАТЫСТЫ

Қаңтардың 10-ы күні өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпановты сөзге тартып, аудан халқының саяси науқанға қатысу қарқынын сұраған едік.

Аудан бойынша сайлау 24 учаскеде өтті. Оның үшеуі аудан орталығында,  6-уы ауылдық округтерде, 15-і  елді мекенде орналасты. Сайлау учаскелерінің тізімінде 9640 сайлаушы тіркелді. Соның 8695-і өз таңдауларын жасап, дауыс берді. 245 сайлаушы денсаулық жағдайының жасының егделігіне байланысты үйден дауыс берді. Жердің балшықтығы болмаса, ауа райы да, халықтың да қабағы ашық болды. Жауапкершілігі жоғары аға буын да, алғаш рет сайлауға қатысу құқығына ие болған жастарымыз да белсенді қатысты.

Хан ордасы ауылдық округіндегі №60 сайлау учаскесінде  тіркелген 1186 сайлаушының 1063-і;

Бисен ауылдық округіндегі  №65 сайлау учаскесінің тізіміндегі 959 сайлаушының 863-і;

Саралжын ауылдық округіндегі №71 сайлау учаскесі тізіміндегі 618 сайлаушының 234-і;

Т.Масин ауылдық округіндегі №69 сайлау учаскесі тізіміндегі 633 сайлаушының 548-і;

Ұялы ауылдық округіндегі №73  сайлау учаскесінде тіркелген 567 сайлаушының 508-і;

Мұратсай ауылдық округіндегі №57 сайлау учаскесі есебіндегі 415 сайлаушының 369-ы дауыс берген.