15.01.2021, 17:48
Қараулар: 220
COVID-19: ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

COVID-19: ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

2021 жылдың алғашқы он күндігінде короновирус жұқпасы тағы үш  ханордалық тұрғыннан анықталды. Үшеуінде де аурудың анық белгілері байқалып,  аудандық инфекциялық бөлімшеге жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қалыпты. Науқастармен жақын байланыста болған  бес  адам оқшауландырылып, үш үйге дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Сондай-ақ,  аудан орталығында мониторингтік топ мүшелері карантин талаптарын бұзған бір жағдайды анықтап, жеке тұлғаға 43755 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында тіркелген дерек бойынша, аудан көлемінде Covid-19 жұқпасын жұқтырған 111 адам тіркелген болатын. Оның ішінде алты адам коронавирус инфекциясына сәйкестендірілмеген пневмониямен ауырды. Өкінішке  қарай жеті өлім жағдайы тіркелді.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ