21.10.2015, 11:39
Қараулар: 355
Актер һәм режиссер (Самал Абуовқа арнау)

Актер һәм режиссер (Самал Абуовқа арнау)

р-120Шаңында шауып Орданың,

Бисеннің құмы билеген…

Кіндігін кескен құм Нарын,

Ойынға таяқ сүйреген…

Ұлылар туған мекені,

Кеудеде болған дара үміт.

Мақсатқа қойған жетеді,

Бойында болса даралық!!!

Басталды басқа бір ойын…

Ойыны бітіп өткеннің.

Үстінде жүр ғой, сол бала,

Сахна деген өткелдің.

Дәулеткерейде білім ап,

Өнерден тапты дәулетін.

Тұлға болу да, бүгін-ақ,

Айналаға шашып сәулетін.

Жезқазған деген жезді өңір,

Өнермен өрген өрісін…

Сахна іздеп, кезді өмір,

Таланттың биік өрі үшін.

Барыңды арна еліңе,

Үлкен өмірге жол алдың.

Қан тартып туған жеріңе,

Оралға қайтып оралдың…

Көрсең де жолда талайын,

«Өнер» деп отың өршіген.

Қырғыздай елде, туысқан,

Білім де алдың тершіген.

Өмірде мынау байқасақ,

Өзі таңдаған жолы бар.

Көре алмайтындар көрмесін,

Іштері күйсін долылар!

Жарың да халық адамы,

Өмірін сізге арнасын.

Екі ұлың менен бір қызың,

Ертеңгі күнің, жалғасың.

Ат басы алтын жетпейтін,

Ұлысың ұлы даланың!

Сахна, өнер тек дейтін,

Самалдай болсын, Самалың!!!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері.