7.12.2015, 10:58
Қараулар: 690
«Бала құқығы – адам құқығы»

«Бала құқығы – адам құқығы»

р-213М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте «Бала құқығы – адам құқығы» атты мектепішілік  онкүндік ұйымдастырылып, бірқатар шаралар оздырылды. 1 «а» сыныбы жетекшісі С.Қонысбаева «Оқушының құқығы мен міндеті», З.Сағынова (2 «а») «Менің құқығым – сенің құқығың», М.Рамазанова (2 «б») «Бала құқығы – асыл қазына»,  А.Ысмағұлова (4 «в») «Құқық – әділет пен парасат жолы», А.Жаманғарина ( 5 «б») «Балалар құқығы», С.Меңғалиева (6 «а») «Сен өз құқығыңды білесің бе?», Л.Ғұмарова (7 «а») «Менің құқығым, менің міндетім», Л.Махметова (9 «а») «Заңды білсең жаза баспайсың», Д.Ахметова (10 «а») «Құқықтық сауаттылық заман талабы» атты тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар, 1-6 -сыныптықтар арасындада «Бар әлем мен үшін» фотобайқауы жарияланып, оған оқушылар қызығушылықпен қатысты. Үздік суреттер көрмеге қойылды. Нәтижесінде, І орынды Бекмұрат Самиғолла (2 «а» сынып) мен Лаура Сабырғалиева (1 «а») жеңіп алса, ІІ орынды Нұрайна Нәсіпқалиева (2 «а») мен Әдиет Қанапиянов (5 «а») еншіледі, ІІІ орынды Аянат Шынболатқызы (2 «а») мен Мадияр Сапиолла (1 «б») өзара бөлісті. «Қазіргі замандағы адам құқығы» тақырыбында шығармалар байқауында 8-10- сыныптықтар арасында 9 «б» сынып оқушысы Айгерім Қайыржанованың шығармасы үздік деп танылды.

Әрбір оқушының бойында құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімі К.Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен мультимедия кабинетінде 9-10 сыныптар арасында «Озат құқықтанушы» сайысы өтті. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысқан сайыстың «Іріктеу» кезеңінде тест сұрақтарына жауап берілсе, «Шынығуда» әр сұрақ бойынша жасырын сөздер табылды, «Сен білесің бе?» бөлімінде бала құқығы туралы конвенциядан алынған сұрақтарға жауап берілді. «Жалғасын тапта» құқықтық тәрбиеге байланысты мақалдардың жалғасын табылды. «Тосын жағдай» кезеңінде тапсырмалар орындалды. «Сөз шеберлігінде» тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды. Бұл сайыста 10 «а» сыныптың намысын қорғаған А.Каспи мен Т.Қуаншалиева «Озат құқықтанушы» номинациясына ие болды.

Психолог Г.Бисенғалиева бастауыш сыныптарда «Қаталдықтан қорғау  құқығы», «Бұл өмірдегі мен» атты тренингтер өткізсе, психолог Т.Хайырова мен педагог-ұйымдастырушы А.Құрмашеваның ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы отбасы ролі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Аталмыш шараға аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары Ерлан Жоралиев, ата-аналар комитетінің төрағасы Ерболат Ахметов,  сынып жетекшілері және  ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

Мектеп тәлімгері Л.Мұханова және «Жас ұлан» оқушылар ұйымы бастамасымен өткен «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясында тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, флешмоб биімен аяқталды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.