17.12.2015, 18:41
Қараулар: 506
Ұлттық колорит

Ұлттық колорит

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, биыл алғаш рет орта мектептердегі технология, бейнелеу өнері, музыка пәні мұғалімдері арасында «Бірлігіміз жарасқан Мәңгілік Ел – Қазақстан» атты облыстық фестиваль оздырылды.

Онда аудан намысын қорғаған Жәңгір хан атындағы орта мектептің педагогтары Б.Дауымов, Т.Ғайсин, А.Аксенова,  Н.Шарафетдинов, М.Оразгелдиев, Н.Ізтұрғанова тапсырма  бойынша берілген татар халқының мәдениетін жан-жақты ашып көрсетті. Олар «Ұлттық вернисаж» бөлімінде татар ұлтының мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, ұлттық құндылықтарын сипаттайтын көрмені ұсынып, оның мағынасын М.Оразгелдиев пен А.Аксенова тамылжыта баяндап, табысты қорғап шықты.

«Тілі басқа – тілегі бір» атты екінші бөлімдегі концерттері де  тыңдаушыларын ұйытты. Әсіресе, Н.Шарафетдинов пен М.Оразгелдиевтің дуэттік орындауындағы татардың «Алма бағындағы» әніне қойылған әдемі көрініс көрермендерді тәнті етті. Сөйтіп, ауданымыздан барған команда фестиваль қортындысы бойынша «Ұлттық колорит» аталымын иеленіп қайтты.

Манарбек АЛТАЯҚОВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.