18.12.2015, 10:12
Қараулар: 216
Прокурор һәм шәкірттер

Прокурор һәм шәкірттер

р-225Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан прокуроры Нартай Байменов М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесті.

Аудандық прокуратурада оздырылған бұл бейресми шарада Нартай Елібайұлы сонау бір қиын-қыстау кезеңдегі елдің тарихын, бүгінгі жеткен жетістіктерімізді нанымды оқиғалармен ғана емес, күнделікті тірлікпен байланыстыра әңгімеледі. Елбасымыздың арқасында Қазақстанның жаһанға танылғандығын, экономикасының дамығандығын айта отырып,  ұлтаралық татулықты сөз еткен прокурор: «Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр»,-деді.

Сондай-ақ, бүгінде жастарымызға сапалы білім алуға барынша жағдай жасалғандығын әрі осы отырғандардың арасынан ғалым да, прокурор да шығуы мүмкіндігін, ол үшін тек мамандық таңдауда жаңылыспау қажеттігін  мәлімдеді. Жасөспірімдер болса, құқықтық саладағы өзгерістер мен мамандық таңдаудағы ерекшелікке қызығушылық танытып, сұрақтар да қойды. Айта кету керек, бұл келелі кездесуге аталмыш мектептің құқық пәні мұғалімі Нұргүл Халиоллина мен прокуратура қызметкерлері қатысты.

Иә, мұндай жиынның шәкірттерге берер тағылымы мол екені ақиқат.

Р.БАҚЫТОВА.