22.05.2016, 0:08
Қараулар: 200
От кешіп оралғандар

От кешіп оралғандар

г-331-Отан үшін от кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне күнделікті өмірде жалпы қоғам, әрбір адам тарапынан сый-құрмет көрсетіледі. Бұл үрдіс, әсіресе, Жеңіс күні қарсаңында ерекше сезіледі. Биыл да аталмыш мерекеге орай құрамында аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатов, қорғаныс бөлімінің басшысы Ж.Сабыров бар аудан әкімі Н.Рахымжанов бастаған делегация Хан ордасы ауылында тұратын майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев пен сайқындық соғыс ардагері Камал Нарболовтың шаңырақтарында болып, майдангерлерді Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы әкімдік, Тілеген Керейұлы «Нұр Отан» партиясы атынан сый-сияпаттарын да табыс етті.

Өз кезегінде бейбіт өмір, ашық аспан, ел-жұрттың тыныштығын тілеген ардагерлер құттықтай келгендерге ризалық сезімдерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.