8.11.2016, 12:02
Қараулар: 246
Жинақ еңбекақыдан құралады

Жинақ еңбекақыдан құралады

Белсенді еңбек қызметіңіз аяқталғаннан кейінгі қамсыздандырылуыңыз сіздің кезінде жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты, уақтылы және толық аударып тұрғандығыңызға тікелей тәуелді. Сондықтан осы жайға бүгіннен бастап жіті назар аударғандарыңыз дұрыс.

  1. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты?

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-ға уақтылы аударылған зейнетақы жарналарының көлеміне, жиілігіне, ұзақтығына және толықтығына тікелей байланысты. Осыған орай салымшыларға БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының уақтылы және толық болуын тұрақты түрде қадағалауларына кеңес береміз. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген БЖЗҚ бөлімшесіне барып не интернет-хабарландыруды таңдап тексере аласыз.

  1. Зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент кім бола алады?

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола алады. Турасын айтқанда, агент – сіздің жұмыс берушіңіз.

  1. Агенттің міндеттері, оны бұзғандағы жауапкершілігі қандай?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) 39-бабының 10-тармағына сай, агент БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге міндетті.

Заңның бұл нормалары бұзылса, нақты төленген және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күн қосылады) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына аударуы тиіс (Заңның 28-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар, Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес, агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сай әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге тиіс және мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтi есептi айдан кейiнгi 15-iнен кешiктiрмей ай сайын ұсынуы қажет.

 

  1. Зейнетақы жинақтары жоқ не жеткіліксіз адамдар не істеуі керек?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ не зейнетақы жарналары тұрақсыз аударылатын тұлғаларға, сондай-ақ жұмысқа орналасқысы не қосымша жұмыс істегісі келетін адамдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартын әзірлегенін хабарлаймыз. Қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары, оның ішінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тегін көрсетеді.

 

  1.  Бұл қызметті пайдалану үшін не істеу керек?

Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдарға (мекенжайларын және байланыс телефондарын қоса беріп отырмыз) не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш білдіру қажет.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің түпкі мақсаты – өтініш білдірген тұлғалардың жұмысқа орналасуы.

Бұл ақпарат сізге пайдалы болады және БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың өсуіне, оның ішінде жұмысқа орналасу арқылы өсуіне, осыған орай сіздің БЖЗҚ-дан алатын болашақ зейнетақыңыздың мөлшерінің ұлғаюына көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Б.БЕКБОЛСЫНОВА,

«БЖЗҚ» АҚ БҚОФ Сайқын ҚКО басшысы.