8.12.2016, 17:08
Қараулар: 342
Бас жүлдемен оралды

Бас жүлдемен оралды

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d2%b1%d1%8f-%d1%8d%d0%bc%d0%b1%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d0%b0Отбасы – адам баласының ұрпақ өсіріп, сол арқылы өз өмірін мәңгілікке ұластыратын қасиетті ұясы. Онда отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен құрметі жарқырай көрінеді. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа аманат еткен салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау да отбасынан басталады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы.

«ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату, білімді әрі өнерлі болуы тиіс»,-деген болатын өз сөзінде Елбасымыз. Бүгінде байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінде жанұя жарастығы мен құндылығын насихаттау бағытында сан түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі – «Алтын ұя» байқауы. Айта кету керек, облыстық «Алтын ұя» байқауының Ұялы ауылында өткен аудандық кезеңіне 7 отбасы қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, көптің ішінен өнерімен де, өнегесімен де жарқырай шыққан ұялылық Ермекқалиевтер отбасы І орынды иеленіп, облысқа жолдама алған-ды. Иә, «Өнерлінің ырысы жарқырап жатар жолында»,-деген сөзді өмірлік ұстанымына айналдырған олар облыстық байқауда да биіктен көріне білді. 11 отбасының ішінен жан-жақтылығымен, білімділігімен көрермен көңілінен шыққан Нарынның перзенттері бас жүлдені иеленіп, қанжығалары майланып қайтты.

Үкілеген үмітті ақтаған әріптесіміз Ерлан мен оның жанұясын жеңістерімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңда мейірім мен  махаббат, қуаныш пен шаттық арылмасын дейміз.

 

Гүлжан САЙХАДИНОВА,

Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің қазақ

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.