14.12.2016, 16:13
Қараулар: 228
Біздің Нұрсұлтан…

Біздің Нұрсұлтан…

Тәуелсіздік құрдасы саралжындық Тілепқалиев Нұрсұлтан Мұратұлы (суретте) – бір шаңырақтағы жалғыз ұл. Мектепті жақсы бағамен аяқтап, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірді. Жас маман бүгінде өзі білім алған Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-балабақшасында информатика пәнінің мұғалімі. Әкенің сара жолын жалғаған ол мектепішілік «Жас келсе – іске», Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Саралжын серілері» аудандық КТК ойындары байқаулары мен жас мамандар сайысында I, аудандық «Пәндік олимпиадада» III орындардан көрінді. Республикалық сабақтар сайтынан сертификат, облыстық «Өркен» тәлімгерлер мектебінен Алғыс хат иеленсе, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен де марапатталған. Міне, біздің Нұрсұлтан осындай жігіт!

–Мен Тәуелсіздіктің құрдасы болғанымды және Елбасының есімін иеленгенімді ерекше бақыт санаймын. Әрі ол маған үлкен жауапкершілік жүктейтінін де терең сезінемін. Сондықтан өзім қатарлы жастарды егемен елдің нағыз патриоттары болуға шақырамын. Мұны Мемлекет басшысының жас толқынға артқан үмітін ақтау деп түсінемін,-дейді жігерлі жігіттің өзі бізбен әңгімесінде.

Айсәуле БЕРІКҚЫЗЫ.