27.09.2016, 16:23
Қараулар: 255
Тәрбиеші тәлімі

Тәрбиеші тәлімі

 

Балаларды әдепті болуға тәрбиелеп, көпшілік ортадағы қарым-қатынас мәдениетіне үйретіп, бүлдіршіннің бойына адамгершілік қасиеттерді дарытып жүрген жандардың бірі – Зәуре Аманғалиева. Топтағы 20 баланың мінездерін түсіну, бірге ойнай жүріп, еркелігін көтеру де шеберлік. «Салтанат» ясли-балабақшасындағы «Ақбота» тобының тәрбиешісі Зәуре Темірқанқызы Орал гуманитарлық колледжін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 2008 жылы осы мекемеге қызметке тұрған. Білімін жетілдіруді мақсат тұтқан ол жұмыстан қол үзбей жүріп, жоғары оқу орнын да тамамдады.

Ісіне тиянақты, ізденімпаз тәрбиеші ата-аналармен де тығыз байланыс орнатып, оларды өз тобында өтетін сан алуан іс-шараларға тарта білуде. Ол өте еңбекқор, қабілетті жан. Балаларды өз ұрпақтарынан кем көрмей, аналық мейіріммен тәрбиелей біледі. Оның жетекшілігіндегі «Ақбота» тобында белсенді бүлдіршіндер аз емес. Мәселен,  Нұрай Мұхтарқызы, Жанбота Айғали, Айару Айдынқызы, Аслан Серікұлы, Думан Ерболұлы, Нұралы Сағат сондай балғындар. Өзін жаңашылдық қырынан көрсетіп жүрген тәрбиеші 2014 жылы әріптестері арасында өткен аудандық байқауда бірінші дәрежелі Дипломға қол жеткізсе, былтыр облыстық байқауда да белсенділігімен  ерекшеленіп, арнайы марапатқа ие болды.

Бүгінде отағасы Дидар Сейітқалиев екеуі 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Енесі Ұлмекен апаның да көрсетіп отырған көмегі орасан. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу саласында өз қолтаңбасын қалыптастыра білген  Зәуре Темірқанқызына еңбегіңіз жана берсін дейміз.

 

Айсәуле ЖАНҰЗАҚОВА.

Бисен ауылы.