30.01.2018, 17:24
Қараулар: 333
Кеңес отырысы

Кеңес отырысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша отрядымыз мемлекеттік шекараны қорғауда алдыңғы лектен көрініп, алғысқа ие болып жатса, ауданда мал бағымының жүйелі ұйымдастырылмай, шепті бұзуы жұмысымызға өз салқынын тигізуде,-деп бастады хабарламасын №2036 әскери бөлімінің штаб бастығы міндетін атқарушы, подполковник  Ғалым Ожанов. Одан әрі ол өзге де фактілерді алға тартып, біраз жайларды тілге тиек етті.

Иә, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында оздырылған шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында негізінен былтыр орын алған он екі шекара бұзу фактісінің біразы малды қараусыз жібергендіктен екендігі, олардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен түсінік шараларын жүргізу қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар бұл жиында ауданымыздың шекаралық аймақ пен белдеудегі ахуалы, «Молодость» елді мекені маңындағы жеңілдетілген өткізу пунктінің жайсыздығы, Сайқын шекаралық бақылау бөлімшесіне электр желісін тарту, оған баратын жолдың сын көтермейтіндігі, белдеудегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыға салынды. Өз кезегінде кеңестің мүшелері мен шақырулы мекеме басшылары және Сайқын шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы, майор Мұрат Қабылбаев, «Орда» шекара заставасының бастығы, капитан Дәуренбек Сабеков өз ойларын ортаға салды.

Раушан БАҚЫТОВА.