Ауыр атлеттердің облыстық чемпионатына барған бөкейліктер табысты оралды.
Штанганы жатып көтеруден әйелдер арасында ханордалықтар Әдемі Хамит (32 кг) пен Ұлмекен Сағидолла (40 кг) және ерлер арасында Оралхан Мұхамбетқали (40 кг) І орынды иеленді. Сондай-ақ, Айдана Қарашева ІІ, Рахым Қожағалиев (105 кг) ІІІ орынды еншіледі. Әдемі Хамит, Ұлмекен Сағидолла, Оралхан Мұхамбетқали пауэрлифтингшілер сайысында да І орынды жеңіп алса, Айдана Қарашева тағы да ІІ орынға табан тіреді. Ал, жиекқұмдық Талант Азаматов (59 кг) (бапкері Жасұлан Сабыров) пауэрлифтингтен I, сығымдап көтеруден III орыннан көрінді. Сөйтіп, бөкейліктер қоржынына 8 алтын, 1 күміс, 2 қола түсті.
Дәурия ДҮЙСЕНОВА,
БЖСМ қызметкері.