15.11.2018, 16:54
Қараулар: 843
Б0КЕЙ ОРДАСЫНДА 3260 АДАМ ЛАТЫНША ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Б0КЕЙ ОРДАСЫНДА 3260 АДАМ ЛАТЫНША ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

14 қазанға белгіленген латын қарпінде жазылатын республикалық жалпыхалықтық диктантқа аудан бойынша 3260 адам қатысты. Барлық ауылдық округтердегі орта мектептердің кең залдарына жиналған жерлестеріміз мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асуына үлестерін қосып қана қоймай, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасын практикалық тұрғыда байқап көрді.

«Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктант мәтінінде  латын әліпбиінің мән-маңызымен ұштасқан екен. Республикалық деңгейде қолға алынған жалпыхалықтық шараның талабына сай 15 жастан асқандар қатысатын бұл диктантқа оқушылар да, ұстаздар да, түрлі сала басшылары мен басқалары да латын әліпбиін қаншалықты меңгергендігін сынға салды.

Аудандық техникалық шығармашылығы орталығының қызметкері Бақытгүл Сәлімованың айтуынша, ағылшын алфавитімен үндесетін бұл әліпбиді де тез меңгеруге де болады екен. Қатысушылардың emle.kz сайтында көрсетілген латын әліпбиіне қатысты тіл заңдылықтары мен емле ережелеріне қаншалықты зейін аударғандығы сарапқа салынып, нәтижесі кейін хабарланатын болады.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ