21.11.2019, 15:55
Қараулар: 612
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

«Nur Otan» партиясының ғимаратында аудандық мәслихат хатшысы  Ерболат Таңатов және депутаттардың қатысуымен  Сайқын ауылдық округі әкімдігіне үміткер тұлғалардың сайлауалды бағдарламалары тыңдалды.

Үміткер Нұргүл Омарова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша  аз қамтылған, тұрмысы төмен  отбасыларға қолдау көрсетуге, сапалы ветеринариялық ахуалдың  қалыптасуына, ауыл ішін абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын көбейту секілді іргелі істерді атқаруға мүдделігін білдірсе, Қуаныш Дүйсекешев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралармен қатар  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды туған жерге қызметке шақыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған  жобаларын ұсынды. Өз кезегінде Исатай Оздың сенімді өкілі Берқайыр Қойшекенов ауыл шаруашылығын дамыту, мал тұқымын асылдандыру, аз қамтылған отбасы мүшелерінің кәсіби білім алуға жағдай  жасау т.б маңызды міндеттерді айтып өтті.

Өз тілшіміз