2.10.2020, 11:15
Қараулар: 216
ЖАСӨСПІРІМ ТӘРТІБІ ҚАДАҒАЛАНДЫ

ЖАСӨСПІРІМ ТӘРТІБІ ҚАДАҒАЛАНДЫ

 

Қыркүйектің 25-27-сі аралығында ауданымызда  «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша жүзеге асырылды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, немесе оларға қатысты қылмыстың алдын алуға бағытталған бұл шара облыс көлемінде қолға алынды.  Шара барысында тәртіп бұзып, бұзақылық жасаған жасөспірімдер көзге түспегенмен, түнгі 23:00-ден кейін көше кезген алты жасөспірімге қатысты хаттама толтырылды. Олардың ата-аналарына ескерту берілді.

Полицейлердің жаңа ай басталсымен тағы бір іс-шараны қолға алмақшы. «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс шарасы аясында есепте тұрған қолайсыз отбасы, шаңырақ  шырқын бұзып, үйіне әлек салатын азаматтарға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілмекші.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА