Өткен аптаның сенбісінде дәстүрлі күзгі тазалық шаралары ұйымдастырылып, әр мекеме қызметкерлері ауыл маңын күл-қоқыстан арылтуға өз үлестерін қосты. Бұл жолы сенбілікке 200-ге жуық мекеме қызметкері, бір жүктемелі трактор мен жүк көлігі тартылды.
Әттегенайы, қоршаған ортаның экологиялық-санитарлық жағдайына немқұрайлы қарайтын тұрғындардың қатары артпаса, сиремей тұр. Өйткені, Ұңғысын және далалық ойындар өтетін жерлер біртіндеп күл-қоқыс төгілетін полигонға айналып барады. Әр түрлі тұрмыстық заттардың қалдығы, қауырсын құтылар, бөтелкелер, өлген малдың терісі т.б бәрі осы маңға бей-берекетсіз төгіле бергендіктен кәдімгідей күлтөмпешіктерге айнала бастапты. Қоқыс алаңы — қауіпті жұқпалардың ошағы екенін білсе де, кей сайқындықтар бұл мәселеге аса бас ауырта қоймайтын секілді.
– Ауыл тұрғындары тазалық мәселесіне салғырт қарайды. Қоқыстарды арнайы полигонға емес, осы маңға төге салады. Туған өлкесінің тазалығына бей-жай қарайтындардың кесірінен ауылдың маңы ластанып, қосалқы полигонға айналып кете ме деп уайымдаймын,-дейді ауыл әкімі Нұргүл Омарова.
Айта кетелік, сенбілік барысында 4 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА