19.02.2021, 17:51
Қараулар: 171
ҚАЙРАЛҒАН РУХ

ҚАЙРАЛҒАН РУХ

 

Көрерге жарық көзім бар,

Көкейде өткір сөзім бар

Тəңірден келген өлшеулі,

Темірдей мықты төзім бар.

Мен бақытты екенмін!

 

Сыйлағанын Алланың!

Не берсе де көтердім.

Таудай биік арманға,

Еңбектеп, өрлеп жетермін.

Мен бақытты екенмін! -деген өлең жолдарының авторы Тұрсынай Нәлібаева. Тұрсынай біздің  жерлесіміз емес. Танысымыз емес. Бірақ кез келгенімізге, боркемік, бос белбеулерімізді қайрауға үлгі боларлық тұлға. Тұрсынай туғанынан сал ауруына шалдыққан. Бар тірлікті екі аяғымен жасайды. Тұрсынай Қайратқызына қарап, «мүмкіндігі шектеулі екен» деп мүсіркеудің қажеті жоқ. Рухты, қайсар қыз. Тұрсынайдың тірлігі он екі мүшесі түгел сіз бен менен артық. Өлең шығарып, проза жазады. Аяғымен бисерден түрлі әшекей, ойыншықтар тоқып, табыс табады.  «Бағыт-бағдар» атты бір айлық онлайн курсын ашып, ниет білдіргендерге бисерден түрлі бұйым тоқуды үйретіп отыр. Үнемі кітап оқып, өзін жетілдіріп отырады.

Қайратқызының анасын да қайсар, рухы мықты деп айтуға әбден лайық. Тоғыз құрсақ көтеріп, содан қалған Тұрсынайының әр жетістігіне қуанып, қызына қолдау көрсетіп отыр.