26.02.2021, 17:11
Қараулар: 142
АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

Өткен аптада Бөкей ордасы колледжінде «Smart — info» атты апталық өтті. «File-Save» атты интернет желісін мен дербес компьютерді дұрыс пайдалану туралы жадынама үйлестіріліп, колледж студенттері арасында «Сәтті selfi» фотосурет,  «Менің өмірімдегі интернет» бейнеролик байқаулары ұйымдастырылды.

Аудандық кітапхана қызметкері Г.Абдуллина және колледж маманы Б.Темешованың қатысуымен студенттер арасында «Сен, мен және интернет» тақырыбында дебат өткізді. «Game-әлем» ойыны барысында студенттер білімділігімен танылды. Бірі  «UFS» ойынын online режимінде бастаса, виртуалды ойыннан реалды өмірді ұнататындар шаңғы тепті. «Timer» тренинг кезінде «Monitor», «Рrinter», «Scanner», «Internet» топтары «Сұрақ-жауап», «Түсін мені», «Адасқан әріптер» атты турларда додаға түсіп, нәтижесінде «Monitor» тобы үздік атанды.

Апта «Infomen-2021»  интеллектуалдық ойынымен қорытындыланды. Ойын «Program-technol» тақырыптық тестілеумен басталып, ситуациялық сұрақтарға жауап берілсе, «Scanner» турында «AI»-бағдарламасында тапсырмалар орындалып, «Өзіңді таныт» кезеңінде өз таңдаулары бойынша Adobe photoshop, Corel draw, Micromedia flash және т.б. мультимедиалық бағдарламаларда шығармашылық жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде шара «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы» мамандығының ІІ курс студенті Асылхан Сахуов жеңімпазы танылды.  «Smart — info»  апталығы барысында белсенділік танытқан студенттерге грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Раушан АППАҚОВА