7.12.2015, 11:13
Қараулар: 233
Мұратсайлықтар жеңіске жетті

Мұратсайлықтар жеңіске жетті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерінің арасында волейболдан дәстүрлі аудандық турнир оздырылды. Аудандық мекемелер мен ауылдық округтерден барлығы 8 команда қатысты. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Н.Рахымжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Екі топқа бөлініп, айналым жүйесі бойынша сайысқа түскен командалар түске дейін-ақ сұрыпталып, түс ауа ширек финалды бастап кетті. ІІІ орын үшін тартыста М.Мәметова орта мектеп ұжымы мен Жәрмеңке ауылының  спортшыларын, финалдық ойында мұратсайлықтар аудан әкімдігі командасын 2:0 есебімен ұтты. Нұрлан Сағынтайұлы жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншыларға «Нұр Отан» партиясының ақшалай сыйлығы мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларын табыс етті. Ойын барысында көзге түскен ардагер спортшылар да марапатқа ие болды.

М.ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.