17.12.2015, 18:34
Қараулар: 278
«Елбасы» кітап инталляциясы

«Елбасы» кітап инталляциясы

р-214-1Бисен ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті мен Тәуелсіздік күндеріне орай «Елбасы», «Бәрін білгім келеді»  атты  кітап  инталляциясы (суреттерде)  жинақталып, «Маңдайға  біткен  тұлға»  атты  кітап көрмесі жасақталды. Ұлы  Жеңістің 70 жылдығында шығарылған «Мәңгілік алау» инталляциясы да көпшілікке ұнап еді. Кітапханаға  оқырмандарды,  соның  ішінде  балаларды  тарту  мақсатында  көпшілік-мәдени  шаралармен  қоса, осындай  қызыға  тамашалайтын  дүниелерді  таныстыру  қажет  деп  ойлаймыз. Мұндай  тың  дүниелер бір  жағынан   кітапхана  қызметкерлерінің  ізденісін көрсетсе, екінші жағынан  оқырмандардың  кітапқа  деген  қызығушылығын  оятары хақ.

Лунара СЕМБИЕВА,

кітапханашы.