19.04.2016, 18:16
Қараулар: 226
Айлық аясындағы игі істер

Айлық аясындағы игі істер

Облыстық санитарлық-экологиялық айлық шеңберінде Бөкей ордасы ауданы елді мекендері мен мемлекеттік орман қорын қураған және құлаған ағаштардан, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтардан тазарту бағытында сенбіліктер өткізіліп келеді.

Айталық, 16 сәуірде «Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесімен» бірлесе отырып, барлық 7 ауылдық округтегі 22 елді мекенде «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» акциясы оздырылды. Оған 34 мекемеден 7591 адам қатынасып, 5329 түп көшет егілді. Сайқын-Жаңақала, Сайқын-Бисен-Өнеге, Сайқын-Орда жолдарының бойы мен Сайқын ауылдық округі аумағында орналасқан үлкен алма бағы қураған және құлаған ағаштардан тазартылып, 512 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Ғ.БИСЕНҒАЛИЕВ,

облыстық экологиялық департаменттің

Бөкей ордасы және Жәнібек ауданаралық

экологиялық инспекторы.