19.05.2016, 9:31
Қараулар: 268
 » 
Ерлікке тағзым!

Ерлікке тағзым!

Әрбір отбасын ойсыратып кеткен, ананы баласынан, әйелді қосағынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырған зұлмат соғыстың аяқталғанына  биыл – 71 жыл. Соған орай Қарасу ауылдық кітапханасында мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен  «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа  ұран» атты ертеңгілік оздырылды. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайсарлығын насихаттау, олардың ерліктеріне тағзым етуді мақсат тұтқан бұл шарада 4-сынып оқушылары «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты өздерінің шағын әңгімелерін оқып, «Совет жауынгерлерінің» бейнесін де сомдады.

Шара соңында «Ерліктерін ұрпағы ұмытпайды» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

Гүлден ТҮМЕНОВА,

кітапханашы.

Орда ауылдық округі.