2.06.2016, 12:46
Қараулар: 355
Балабақшадағы бағыт-бағдар

Балабақшадағы бағыт-бағдар

г-341Қ.Сағырбаев атындағы мектеп-балабақшасында тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа технология – жаңа үдеріс» атты апталық оздырылды. Онда әр тәрбиеші «Монтессори», «Н.Зайцев», «Мнемо», «Тәй-тәй», т.б. технологияларды қолдана отырып, үздік сабақтар шеруін көрсетті. Ж.Сафиеваның қарапайым ауыл өміріне орайластырып құрған «Ауылдағы тіршілік» тақырыбындағы саяхат сабағында мал шаруашылығы жөнінде мол түсінік беріліп, сабақ барысында балалар өз қолдарымен құрт жасауды үйренді. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Айғалиеваның «Көктем келді» атты ашық оқу іс-әрекетінде тіл ұстарту жаттығулары, дыбыстық талдаулар, сурет бойынша әңгіме құрастыру секілді сатылық тапсырмалар орындалды. Кіші сәбилер тобына «Ойыншықтар әлеміне саяхат» тақырыбында Ә.Нысанбаеваның өткізген ашық оқу іс-әрекеті де жоғары бағаланды. Ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне М.Хайрошеваның өткізген «Су – тіршілік көзі» атты ашық оқу іс-әрекеті практикалық түрде су мен оның дыбысын зерттесе, кіші сәбилер тобының тәрбиешісі А.Баймұратованың «Бауырсақ» ертегісі балғындар көңілінен шықты.

 

Аяжан СЫДЫҚОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.