21.06.2016, 19:54
Қараулар: 254
 » 
Медицинадағы соны леп

Медицинадағы соны леп

р-464-2Бүгінде медицинаның қарқынды дамып келе жатқанын өзіміздің аудандық ауруханадан да байқауға болады.  «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегендей, әр адамның салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы  заман  талабына айналды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аталмыш мекемеге арнайы бас сұқтық. Ауруханада бұрынғыдай сапырылысып кезек күтіп отыратындар байқалмады.  Аяқ дыбысы ғана естілетіндей тыныштық орнаған. эмблема фото

                                                                                    

Телемедицина кабинеті

2007 жылдан аудандық ауруханада телемедицина кабинеті жұмыс жасап келеді. Содан бері ақ халатты абзал жандардың 600 шақырымдық облыс орталығындағы семинар-кеңестерге бұрынғыдай  сартылдап шабуы сап тиылды. Дәрігерлер онлайн арқылы ауыр науқастардың диагноздары туралы облыс орталығындағы әріптестерімен ақылдасып, әрқилы тақырыптағы семинарларға қатысады, ой бөліседі. Соның арқасында емдеу-диагностикалық қызмет жақсара түсуде. Биылдың өзінде  кеңес алуға 90 сұраныс түсіп, 69 видеоконференция оздырылыпты. Мына суретте ақ халаттылардың сондай бір сәті көрініс тапқан. р-464-1фото

 

«Жедел жәрдем» қызметі

Заң бойынша «жедел жәрдем» арқылы медициналық көмек 15 минут ішінде көрсетілуі тиіс. Кейбірі жағдайларының ауырлығына байланысты ауруханаға жеткізіледі. Осы салада 14 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Жаннұр Тәшуованың айтуынша, 2010 жылдан бері қолданысқа енген «Адис» бағдарламасына сәйкес аудандағы жағдай облыс орталығына мәлім болып отырады. Рация арқылы шофермен де байланыс орнатылған. «Жедел жәрдем» машинасының діттеген мекенге уақтылы баруына SІР телефонының да пайдасы зор. Ол фельдшер мен кезекші дәрігердің хабарласуын тұрақты қамтамасыз етеді. Электрондық анықтамалық дәрігерлерге ауру белгілеріне нақты диагностика жасауға көмектеседі. «Жедел жәрдем» көлігінің қай жерде жүргенін бас дәрігер де бақылауда ұстайды. р-464-2 фото

 

Жаннұр

Жаннұр  алғаш қызметке кіріскен уақытында жүрек ауруынан қайтыс болған  адамды көріп, бойын қорқыныш билегенін айтады. Ол кезде қазіргідей ұялы байланыс атымен жоқ. Тіпті, көлік те табылмай, шыбын жаны шырқырып жатқандарға жаяу баруға талай тура келген. Жолай поштаға соғып, ауруханадағы әріптестерімен байланысқа шығатын. Ол қаншама уақытты сарп етеді десейші?! Ол сонымен қатар, сырттай оқып БҚМУ-дың химия-биология факультетін бітірген. Дәрігерлермен оқу тренингтерін жүргізу де осы адамның мойнында. Әрі медицинадағы тың өзгерістерді медбике мен фельдшер, акушерлерге түсіндіріп отырады. «Жедел жәрдем» көлігінің  жүргізушілері Серік Мұхитов пен Нұралы Алтаяқовтар кез келген сәтке дайын тұрады. Себебі, олардың қызметі  қашанда аса шапшаңдықты қажет етеді.

Г.ҚАДЫРОВА.