21.06.2016, 20:00
Қараулар: 193
Әкім округтерді аралады

Әкім округтерді аралады

р-459-1Аудан басшысы Н.Рахымжанов қызметтік іссапармен Ұялы ауылдық округіндегі Ш.Жексенбаев атындағы орта мектепте болып, басталып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Өзімен бірге жүрген аудандық білім беру, құрылыс бөлімі басшылары Е.Иманбаев пен Қ.Жанғалиевтерге нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жайымен де танысты.

 

Мұнан кейін Саралжын ауылына соққан Нұрлан Сағынтайұлы ондағы мектептің де жай-күйін назардан тыс қалдырмады. Айта кетелік, өз кезегінде аудан әкімі мектеп ұжымдары мен ауылдық округтер активімен кездесіп, еліміздегі қазіргі жағдайды әңгімеледі. Ақтөбе қаласындағы оқиғалар, тыныштықты сақтау, білім саласының деңгейін көтеру, ауыл шаруашылық мәселелері туралы да сөз қозғалды. Кездесу барысында тұрғындардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап қайтарылды.

А.ӘЖІҒАЛИЕВ.

* * *

Құрамында аудан әкімі Н.Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, ауыл шаруашылық бөлімі басшысы С.Хайроллин бар топ Т.Масин, Бисен, Орда, Мұратсай ауылдық округтерін аралап, науқандық жұмыстар барысымен танысты. Округ орталықтарында оздырылған ауыл активімен кездесулерде жер мәселесі, Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиға жөнінде келелі әңгіме қозғалды.

Масиндік шаруа қожалық иелері И.Ғабдоллин, М.Боранбаевтардың қымыз, шұбат дайындауды қолға алғанына, бисендік А.Кәукешевтің бордақылау алаңына көңілі толған Нұрлан Сағынтайұлы таяуда 75 жасқа толғалы отырған айтыскер, ақын-әнші К.Балабасовтың шаңырағына да соғып, хал-жайымен танысты, пішеншілер қостарына да атбасын бұрды.

С.ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ.