21.06.2016, 20:09
Қараулар: 185
 » 
Қойдан да қан алынуда…

Қойдан да қан алынуда…

р-460Күнкөрісін төрт түлікпен айырып отырған ауыл тұрғындары үшін малдәрігерлік шаралардың маңызы зор. Олардың уақтылы да сапалы жүргізілуіне қожалық иелері де ынталы. Мал дәрігерлері келетін күні жігіттерін жинап, малын қаматып, әзір отырады. Сайқын ауылдық округіне қарасты «Санжар» шаруа қожалығының басшысы Темірболат Құрымбаев та солай істепті. Осы ауылда Шоңай елді мекенінің веттехнигі Тілепберген Қабесовтің қойдан қан алып, топалаңға қарсы егуге кірісіп кеткенінің куәсі болдық. Жұмыстың қарқынды жүруіне Аман Ақышев, Алтай Болатқалиев, Нұржан Сұлтанов, Ғайнедин Әнесов, Тілепберген Бакубаевтар өз қолғабыстарын беруде.

–Іске сәт, жігіттер,- дедік біз де.

Д.ӘЛИЕВ.