12.07.2016, 12:12
Қараулар: 409
Жастар арасындағы жарыс

Жастар арасындағы жарыс

Елорда күніне арналып аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен жастар арасында жеңіл атлетикадан сайыс оздырылды.

100 метр қашықтыққа жүгіруден ерлер арасында  Жәнібек Самиғоллин І, Нұрбек Ғазезов ІІ, Райымбек Шынязов ІІІ орындарды еншілесе, қыздар арасынан Айсара Тәженова І, Альбина Нұрғалиева ІІ, Сезім Харесова ІІІ орындарды иеленді. Ал, бір орыннан ұзындыққа секіруде Ришат Маратов І, Райымбек Шынязов ІІ, Нұрбек Ғазезов ІІІ, белтемірге тартылуда (турник) Райымбек Шынязов І, Ерқайыр Құрманғалиев ІІ, Төремұрат Сағынғалиев ІІІ орындарға қол жеткізді. 2000 метр қашықтыққа жүгіруде Нұрзат Шәңгерей І, Айымбек Сапи ІІ, Исатай Құрмашев ІІІ, қыздар арасында  (1000 м) Айсара Тәженова І, Альбина Нұрғалиева ІІ орынға табан тіреді.

* * *

Атаулы күнге орай оқушылар арасыда өткен футбол додасында балалар жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) І, Хан Ордасы (Орда ауылы) ІІ,  балалар жасөспірімдер спорт мектебі-2 командасы ІІІ орындардан көрінсе, ойын барысында Нұрсұлтан Сапаров «Үздік шабуылшы», Айдар Нұржанов «Үздік қақпашы» атанды.

 

Жалғас ӘШЕНОВ,

аудандық «Нарын жастары» жастар

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.