27.09.2016, 16:12
Қараулар: 386
«Супер бабушка»

«Супер бабушка»

М.Мәметова атындағы орта мектептің 1-4 сынып оқушылары арасында «Супер бабушка» сайысы оздырылды. Оған жеті әже немерелерімен қатысты. Немересін баласынан артық көретін халықпыз ғой. Бұл сайыс осының дәлелі болғандай. «Моя бабушка» аталатын алғашқы кезеңде немерелердің бірі өлең жолдарымен, екіншілері  әнмен әжелерін таныстырса, «Моя бабушка – хозяюшка» кезеңінде Инабаттың әжесі  Шәмшінұр донған кеспесін, Ғаділболаттың әжесі Жамал қазақ бөрегін, Асылжанның әжесі  Марфуға  жеңіл салат,  Еркенұрдың әжесі Самиға мен Альфинураның  әжесі  Зуһра тәтті торт, Дильназдың әжесі  Бақытжамал  құймақ, Жарастың әжесі Нәсіп  өзбек палауын  ұсынды. Дәмдері тіл үйіретін тамақтар  жоғары бағаланды.

«Бабушкин сундук» деп аталатын  үшінші кезеңде әжелер немерелерімен бірге ескі киім үлгілерін көрсетті. Мұнда Еркенұрдың әжесі Самиға мен Жарастың әжесі Нәсіп  алға шықты. Нәсіп әже  өз анасынан қалған көне сандықтың ішінде қандай  құнды нәрселер сақталатынын түсіндірді. Соңғы «Танцплощадка юности моей» кезеңінде барлық әжелер  би билеп, өз өнерлерін ортаға салып, бір-бірінен қалыспады.

Сайысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Бектелеуова қорытындылап, қатысушыларды марапаттады, сынып жетекшілері шағын сыйлықтар табыстады. «Бабушка богатая внуками» аталымына Ғаділболаттың әжесі Жамал ие болса, Инабаттың әжесі Шәмшінұр «Самая артистичная бабушка»,  Жарастың әжесі  Нәсіп «Самая элегантная бабушка», Дильназдың әжесі Бақытжамал «Самая  талантливая бабушка», Асылжанның әжесі Марфуға «Самая веселая бабушка», Еркенұрдың әжесі  Самиға «Самая  музыкальная бабушка», Альфинураның әжесі  Зуһра   «Самая современная  бабушка» атанды.

Айта кетелік, барлық әжелер шараға жақсы әзірлінген. 4 «б» сынып оқушысы Жарастың  сыныптастары, отбасы  түгелдей (атасы Серік, әкесі Ерлан, анасы  Данагүл, інісі, қарындасы) қолдады. Кей көрермендер «Аталар сайысы қашан оздырылады?» деп сұрап та жатты. Ал, бүгінгі сында әжелер  мықты  екендерін дәлелдеді. Осындай  әжелер жасай берсін!

Г.ТЕМІРБОЛАТОВА,

педагог-ұйымдастырушысы.