4.10.2016, 11:27
Қараулар: 326
Ұстаздарыма

Ұстаздарыма

%d0%b3-455Бисен Жәнекешев атындағы орта мектепті үздік бітірген Әсила Жанболатова бүгінде ҚазҰМУ-дың ғылыми тарих факультетінің ІІ курс студенті. Оның сүйікті ұстаздарына арнаған мына бір жүрекжарды жыр шумағын редакциямызға анасы әкеліп тапсырды. Алыста жүрген туған өлке түлегінің туындысын мерекеге орай оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. 

 

Ұстаздар жайлы сырымды нәзік ұғыңдар,

Көңілге сан мың маржан ойларды құйыңдар.

Сіздерге арнап тағзым қылар шәкіртің,

Сіздерге арнап жазылар талай жырым бар.

Сіз барда маған көңілде тоқтай көрінер,

Жүректе жыр бар жұп-жұмыр болып өрілер.

Білімнің нәрін себетін балаң санаға,

Ұстаздың адал, ақылға толы жолын бер.

Өзіңсің ұстаз еңбектенуді үйреткен,

Құйылмай қойды көкірегімнен күй көптен.

Ұсынып жыр-гүл мерекеңізге бүгінгі,

Ақталса дейміз шәкіртің үшін тер төккен.