8.11.2016, 15:14
Қараулар: 283
Жұртына сыйлы жұбайлар

Жұртына сыйлы жұбайлар

%d0%b3-441-3Бисендік  кәсіпкер  Гүлнар Ғұсманова алғашқы саудасын ұсақ-түйек нәрселерді сатумен бастаған екен. Өзге замандастары сияқты ала дорба арқалап жүріп, талай кедергілерді жеңіп, іскерлік аясын да кеңейткен. Зымыраған уақыт-ай десейші! Табанды жұмысы да өз нәтижесін беріп, жұбайы Абай алғашында «таблетка» көлігін сатып алып, облыс орталығы – Орал қаласына жолаушылар тасуды ұйымдастырған. Кейін «КамАЗ» алып, 2002 жылы «Ғұмаров.А» жеке шаруа қожалығын  құрыпты. Бүгінде мал басы да өскен.

Кәсіпкер Гүлнар Ғұсманова қазір қасына апасы Бақытты сатушылыққа алып, ауылдастарына азық-түлікке қоса, шаруашылық тауарларды да ұсынып отыр. Шүкір, ел-жұртына сыйлы, жас толқынға үлгі-өнеге.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.