8.12.2016, 17:39
Қараулар: 314
Спортшылар бақ сынасты

Спортшылар бақ сынасты

%d0%b0-279Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерлер және әйелдер арасында шахмат, дойбыдан өткен жарысқа мектеп, колледж оқушыларымен қатар, спортсүйер қарияларымыз да қатысып, бақ сынады. Шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында шахматтан ардагер-спортшылар Кәрім Сүндетов І, Елдос Кенжеғалиев ІІ орын иеленсе, М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп директоры Жұбан Ғұмаров ІІІ орынға табан тіреді. Ал, енді дойбышылар арасында Төреміс Ғиылманов (БЖСМ) І орынды жеңіп алса, бабажановтық Мерей Ғазезов пен Гүлайым Сариевалар тиісінше ІІ-ІІІ орындардан көрінді.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ.