30.12.2016, 10:39
Қараулар: 312
Бабажановтықтар жеңісі

Бабажановтықтар жеңісі

%d0%b3-56814 негізгі пән бойынша 9 орта мектептің 8-11 сыныптары арасындағы мектепішілік олимпиадаға 1176 оқушы қатысып, 149-ы аудандық кезеңіне жолдама алды. Биылғы олимпиаданың ерекшелігі тапсырмалар деңгейі кейбір жаратылыстану пәндерінен жеңілдетіліп келсе, гуманитарлық пәнде күрделендірілген. Жалпы қорытындыда бабажановтықтар І (22 жүлделі орын, соның ішінде, 7-еуі І орын, қатысқаны 39 оқушы), мәметовалықтар ІІ (17-нің 6-ауы І, қатысқаны 23), жәңгірхандықтар ІІІ (21-дің 4-еуі І, қатысқаны 30), құсайыновтықтар ІҮ (10-ның 4-еуі І, қатысқаны 18), жәнекешевтіктер Ү (16-ның 3-еуі І, қатысқаны 22), сағырбаевтықтар ҮІ (6-ның 2-еуі І, қатысқаны 11), жексенбаевтықтар ҮІІ (9-дың 1-еуі І, қатысқаны 13), бегалиевалықтар ҮІІІ (5 жүлделі орын, қатысқаны 11), масиндіктер ІХ (3 жүлделі орын, қатысқаны 9) орындардан көрінді.

Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің іріктеу турына аудан мектептерінен 9 оқушының жұмысы, яғни, қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша- Балнұр Рысқалиева (11-сынып, Қ.Сағырбаев) және Динара Насырова (10-сынып, Б.Жәнекешев), орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алина Павлова (11-сынып, М.Мәметова), қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша- Жасмина Мүбәракова (11-сынып, М-С.Бабажанов) және Эмилия Нұрғалиева (10-сынып, М-С.Бабажанов), Қазақстан тарихы пәні бойынша Саягүл Аннасова (10-сынып, Ш.Жексенбаев), физика пәні бойынша Аида Хасанғали (11-сынып, Қ.Сағырбаев) және Мербол Хамидоллин (10-сынып, Б.Жәнекешев), информатика пәні бойынша- Аружан Мәуленова (9-сынып, Жәңгір хан) жіберілді.

Н.ТІЛЕПОВА,

АӘК әдіскері.