28.02.2017, 12:30
Қараулар: 276
Ақпараттық топ ауылдарды аралады

Ақпараттық топ ауылдарды аралады

 

г-637Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың  31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға кеңінен насихаттау бағытында облыстық, аудандық ақпараттық-насихат топтары құрылғаны мәлім. Жақында  сондай облыстық топ ауданымыздың бірқатар ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Атап айтсақ, Мұратсай ауылына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық департаментінің бөлім басшысы Ардақ Ізғалиев, Ұялыда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабыров,  Бисенде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов жиналғандарға Жолдауда айтылған басым бағыттарды түсіндірсе, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев бастаған аудандық топ Хан ордасы, Мұратсай ауылдарын аралап қайтты.

Абзал ИЖАНОВ.