10.10.2017, 12:49
Қараулар: 280
Спорттың бұқаралығы – елдің сергектігі

Спорттың бұқаралығы – елдің сергектігі

г-778-1

Қазақтан Республикасы Президенті өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында спорттың бұқаралық сипат алуына зор көңіл бөліп келеді. Елбасы спортпен шұғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30%-ға жеткізуді жүктеді. Бұл жай біздің ауданымызда қандай дәрежеде? Жұма күні ауданымызға іссапармен келген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева бастаған топ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алқалы жиын өткізіп, осы мәселені талқылады. Оған мекеме, ұйым, бөлім басшылары, мектептердегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен БЖСМ ұжымы қатысты.

Басқосуды ашқан аудан әкімі Н.Рахымжанов облыстық қонақтарды:  қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры Есқабыл Жалмұрзиев, облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Алтынбек Тұрарбекұлы, «Жекпе-жек» спорт мектебі директоры Бибігүл Қайсатова, Ұлттық спорт мектебі директоры Дастан Мырзағалиев, облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебі директоры Абай Бақманов, дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асхат Шакировті таныстырды. Нұрлан Сағынтайұлы аудан спортының қазіргі жай-күйінен хабардар жасай келіп, бес мыңнан астам халық тұратын Сайқында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу қажеттігін баса көрсетіп, оның құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлуіне Әсия Рахымқызының да ықпал етуін сұрады.

Меймандар облысымыздағы, ауданымыздағы бұқаралық спорттың аяқ алысын, жетістіктер мен олқылықтарды сөз етсе, аудандық аурухана директоры Әділгерей Ғаббас, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Тұрарбек Апақаев, аудандық БЖСМ психологі Наталья Семилиди, т.б. өз ойларын ортаға салды.

Жиынды Ә.Аманбаева қорытындылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.