4.05.2018, 9:24
Қараулар: 257
Аудан әкімдігінде

Аудан әкімдігінде

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында оздырылған әкімдіктің кеңейтілген отырысында жазғы маусымда атқарылар істер талқыланды. Оған аппарат қызметкерлерімен қатар ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, білім, денсаулық, мәдениет саласының, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру» және «Ұлттық бірыңғай тестілеуге әзірлік» жөнінде аудандық білім бөлімінің бас маманы Н.Сәлімова, «2017-2018 жылғы от жағу кезеңінің қорытындысы және алдағы маусымға дайындық» хақында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Б.Насимоллин, «Табиғи техногенді апаттарға және дала өрттерінің алдын алу туралы» төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Т.Апақаев, «Мектеп асханаларындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы» төңірегінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Рамазанова, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы» және «Екінші жартыжылдықтағы мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру» мәселесі жайында ішкі саясат бөлімі басшысы А.Әжіғалиев хабарлама жасап, Бисен, Мұратсай ауылдық округ әкімдері Қ.Саматов, Ж.Тәшуов, аудандық аурухана директоры А.Белисанов және аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары Рүстем Мүлкайұлы қорытындылап, хаттамалық шешімдер алынды.

Каримолла ҒАЙСИН.