14.08.2018, 17:28
Қараулар: 390
12 тамыз – Жастар күні

12 тамыз – Жастар күні

Жастар – қай кезде болмасын қоғамның басты тірегі, қозғаушы күші. 1999 жылдың 17 желтоқсанында БҰҰ-ның Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп белгілеген болатын. Содан бері әр мемлекетте мерекеленуде.

Біздің елімізде де жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да аудан орталығы мен ауылдық округтерде жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен мерекелік концерттер және спорттық жарыстар (арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ату, қол күресі, т.б.) оздырылды. Алдыңғы лектен көрініп жүрген жастар аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.

Ернар ТҰРАҚБАЙТЕГІ.