26.07.2019, 9:49
Қараулар: 1050
Әлеуметтік дүкен ашылды

Әлеуметтік дүкен ашылды

 

Сайқын ауылында «Атамекен» мекемесі ғимаратында «Әлеуметтік дүкен» ашылды. Дүкеннің салтанатты ашылуында есікке керілген лентаны жас кәсіпкерлердің өздері қиды. Жиналғандар жайылған ақ дастарханнан дәм тиді. Баршамызға таныс «Zhas Projeсt» жобасымен ауылымыздың бірқатар жастары тегін грант ұтып алған-ды. Өзара топ құрған А.Дәуленова, Д.Шыңғалиева, С.Хайырболатовтар мүмкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналарға тегін киім таратып, көмек көрсетуде.

– Біз  «Zhas Projeсt» жобасы аясында бір миллион тегін грант ұтып алған болатынбыз. Міне, әне-міне дегенше бір айы да зу ете шықты. Біз ұтқан ақшамызға тігін машина, булы үтік, т.б. керекті құралдарды алдық. Және осы жалдап отырған орнымызға да қаражат содан төленеді. Өзімізге міндеттелген алты айда тұрғындарға тегін қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ, бағдарламаның өзіндік талаптары бар. Ай сайын бізге тексеріс жүріп тұрады, есеп тапсырып отырамыз. Жоспарға сай белгіленген топтағы азаматтарға қызмет көрсетуіміз шарт. Алдағы уақытта жәрмеңкелер ұйымдастырылса, сол жерлерге шықпақ ойымыз да бар,-дейді Арайлым Дәулетова.

Айта кетелік, әлеуметтік дүкен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері таңғы 9:00-12:00-ге дейін, түскі 15:00-18:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Айша ҚҰРМАШ