25.10.2016, 14:21
Қараулар: 336
«Нарын жастары» гимні

«Нарын жастары» гимні

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудан жастарының гимніне конкурс жарияланғаннан кейін жеңімпазды анықтау мақсатында аудан әкімінің арнайы үкімімен құрамында 12 адамы бар конкурстық комиссия құрылған болатын. Содан бері сараптаудан өткен үш үміткердің, атап айтқанда саралжындық Ерназар Қисахметовтің, бисендік Елубай Насыровтың және сайқындық Исатай Құрмашевтың туындылары конкурстық комиссияның қорытынды отырысында іріктеліп, қаралып, талқыға түсті.

Жеңімпазды анықтау оңай болмады. Үшеуі де жақсы. Бірақ тек біреуін таңдау керек, шарт солай. Нәтижесінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қойылған барлық талаптарға сай келген Исатай Құрмашевтың туындысы (сазын жазған Бауыржан Кабиров) аудан жастарының гимні болуға лайық деп танылды. Ендігі жерде ол шығарма бөкейлік жастардың шырқайтын гимніне айналмақ. Жолың болсын, сәт сапар! Дейміз біз осынау патриоттық туындыға.

А.ХАМЗИН.