18.06.2018, 12:32
Қараулар: 510
«Армандарға ақ жол»

«Армандарға ақ жол»

Аудан орталығындағы «Күйшілер» саябағында мектеп түлектерінің «Армандарға ақ жол» атты қоштасу кеші өтті.  

Балалық шақты артқа тастап, үлкен өмір жолына аттанғалы отырған салтанат иелері алдымен сап түзеп, мемлекеттік Әнұран шырқалды. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов мақсаттары асқақ жас түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі. М-С.Бабажанов және М.Мәметова атындағы орта мектептердің директорлары Жұбан Ғұмаров пен Асылхан Аманғалиев алтын ұяларынан қанаттанып ұшқалы отырған шәкірттердің жетістіктеріне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді, он бір жыл бойы оқыған білім көрсеткішін бағалайтын аттестатты табыстады. Аудандық демалыс орталығының директоры Жоламан Сисенғалиев аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері, «Орда гүлдері» би ансамблінің мүшелері Нұрсұлтан Сапаровқа, Милана Шаппазгерееваға, Айдар Сақыратовқа, Мұхаммедәли Медетұлына алғысхат ұсынып, ескерткіш сыйлық тарту етті.

Кеш барысында түлектер үшін кішкентай бүлдіршіндер попурри орындаса, мектеп бітірушілер өз өнерлерін ортаға салып, жұртшылыққа  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеппен қимай қоштасқан оқушылар дәстүрлі вальс биін билеп, аспан көгіне түрлі-түсті шарлар ұшырды. Әр жүректе асқақ арман, биік мақсат, қимастық сезім…

Айша АСҚАР.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар