13.07.2018, 18:40
Қараулар: 583
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында елімізде гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары қазақ тіліне аударылып, студенттер мен оқырмандарға ұсынылмақ. Осыған орай, аудандық кітапханда «Қазақстан жаңару жолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай қолға алынған аталмыш жоба туралы сөз қозғап, алдағы уақытта жастарымыз әлемдегі ең үздік оқулықтардан білім алатынын мақтанышпен жеткізді. Кітапханашы Орынгүл Маралова «Мемлекет және Елбасы», «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі», «Ел жүрегі – Астана» бөлімдерінен тұратын көрмеге шолу жасап, кітаптармен жақын танысуға ұсыныс білдірді. Оның әріптесі Қалампыр Әбуова ұлттық аударма бюросы тәржімалаған 18 оқулықпен таныстырды. Олардың әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылғанына тоқталып, жастардың сапалы білім алуларына мол мүмкіндіктері бар екенін айтты.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімі, демалыс орталығы, балалар‑жасөспірімдер туризмі орталығы қызметкерлері де қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Айша ҚҰРМАШ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар